Облыстық қала құрылысының кеңесі Балхаштың бас жоспарын ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Облыстық қала құрылысының кеңесі Балхаштың бас жоспарын ұсынды

Облыстық қала құрылысының кеңесі Балхаштың бас жоспарын ұсынды

Балхаш. 28 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысы әкімдігінде облыстық қала құрылысы кеңесінің кеңейтілген отырысында Балхаштың бас жоспары ұсынылды, деп хабарлайды агенттік қала әкімдігіне сілтеме жасап.

  • 28 Қараша 2007
  • 533
Фото - Caravan.kz

Соңғы рет Балхаштың бас жоспары 1987 өзгертілді. «Содан бері жиырма жыл өткендіктен жоспардың ескіргені анық. Осыған байланысты, қала территориясының дамуы мен тұрғындар санының өсуін ескере отырып, қаланың бас жоспарын жасау қажеттігі туындады «, — деп түсіндірді Балхаш қаласының әкімі Қадіржан Тейлянов.

Қала әкімдігінің ақпараты бойынша, биылғы жылдың ақпан айында тендер өткізіліп, онда Алматының «Казгипроград-1» институты жеңімпаз болып танылды. Бас жоспарды жасауға қажетті қаржы көлемі де анықталды — 19 млн 600 мың теңге.

«Балхаш көлімен танымал болғандықтан, бас жоспарда қала мен көлмен байланыстырылып жасалуы шарт», -дейді әкім. «Балхаштың бір кемшілігі-оған келетін бір жол ғана бар, сол арқылы барлық көлік ары-бері жүреді», деп ойын жеткізді Қ. Тейлянов.

Оның сөздеріне қарағанда, кеңес өкіметі кезінде, екінші жол арнасы жоспарланған болатын, «сондықтан біз, бас жобада қаланың шығыс жағынан теміржол арқылы өтетін тас жолдың салынуы туралы пікірімізді айттық», — деп хабарлады қала басшысы.

Әкім атап өткеніндей, «Балхаш туристік кластер болады делінген. Қазақстандық инвесторлар өз қаржыларын құюға дайын, алайда, біздерге нақты құжат, жоба керек».

Балхаштың 2008 жылға арналған бюджетінде бұл жобалардың дамуына 30 млн теңге қарастырылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті