Үстіміздегі жылы Павлодар облысының мал шаруашылығы саласына 500 млн теңгеден астам инвестиция салынған - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үстіміздегі жылы Павлодар облысының мал шаруашылығы  саласына 500 млн теңгеден астам инвестиция салынған

Үстіміздегі жылы Павлодар облысының мал шаруашылығы саласына 500 млн теңгеден астам инвестиция салынған

Павлодар. 28-қараша. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылы Павлодар облысының мал шаруашылығы саласына 500 млн теңгеден астам инвестиция салынған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыстық ауылшарушалық департаментіне сілтеме жасай отырып.

  • 28 Қараша 2007
  • 651
Фото - Caravan.kz

Департаменттің мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылы мал шаруашалық саласына салынған инвестияция өткен жылдардағы көрсеткіштерді басып озған. Тартылған қаржының басым бөлігі — ірі инвесторлардың несиелері, олардың арасында Қазақстан мен Еуропаның банктері бар.

«Ірі шаруашлықтар қомақты қаржы салады, олар несие алудан қорықпайды және нәтижесінде әртүрлі салалардағы өнімділіктің өсуі ондаған пайызға жетіп жығылады»,- деп атап өтті департамент директоры Нұржан Әшімбетов.

Мекемедегілердің хабарлауынша, «аймақтың мал шаруашылығын дамыту үшін жеңілдікпен несие беру бағдарламасы бойынша 940 асыл тұқымды сиыр және 1000 етті қой сатып алынған». Сонымен қатар, «23 млн теңгеден астам субсидия аймақтағы асыл тұқымды мал өсіретін шаруашалықтарда өсірілген асыл тұқымды жас малдарды сатуды арзандатуға жұмсалған»,- деп хабардар етті облыстық департаменттегілер.

«Облыс бюджетінен малдардың асыл тұқымдылық сапасын көтеруге — жасанды ұрықтандыруды арзандатуға 16 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл барлық шаруашылықтар мен жеке меншік қоралардағы сиырлардың жалпы санының 15 пайызын қамтыған. Одан әрі осы мақсатқа бөлінетін қаржы екі есеге өсетін болады»,- деген сенімде Н. Әшімбетов.

Департамент мамандары сиыр, қой, жылқы және құстар санының өсіп келе жатқандығын атап өтті. Павлодар облысында аграрлық және жеке меншік шаруашылықтарда жыл басынан бері 310 мың тонна сүт, 55 мың тонна ет және 115 млн астам жұмыртқа өндірілген.

Мекемедегілер, мал шаруашылық саласы осы жылдың нәтижесі бойынша өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 15 — 20 пайызға өсетіндігіне сенімді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті