ҚР мемлекеттік хатшысы Германия және Франция елшілерін қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР мемлекеттік хатшысы Германия және Франция елшілерін қабылдады

ҚР мемлекеттік хатшысы Германия және Франция елшілерін қабылдады

Астана. 29-қараша. "Қазақстан Бүгін" - "Ақордада" Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев кеше Германияның төтенше және өкілетті елшісі Райнер Ойген Шлагетер мен Францияның төтенше және өкілетті елшісі Ален Куанонды қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президент әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 29 Қараша 2007
  • 448
Фото - Caravan.kz

«Германия және Франция мемлекеттерімен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты басымдықтардың бірі болып табылады. Біздің қатынаста әлі де жүзеге асырылуы тиіс зор мүмкіншіліктер бар», — деді Қ. Саудабаев.

Тараптар кең ауқымдағы саяси және экономикалық ынтымақтастық, оның ішінде Еуроодақ пен Орта Азияның Ынтымақтастық стратегиясын жүзеге асыру контексті мәселелерін талқылады.

Қарашаның 29 — 30 күндері Мадрид қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуге берген өтініші бойынша шешім қабылданатыны белгілі. Германия да, Франция да Қазақстанның ұйымға төрағалық етуін қолдайды.

Кездесуде саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда, халықаралық терроризммен және есірткі саудасымен күресте, қоршаған ортаны қорғауда, энергетика саласында ынтымақтастықты әрі қарай кеңейту жолдары талқыланды және осыған өзара қызығушылық танытылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті