Семей әкімшілігі жаңа жылға байланысты шараларда жасанды шыршаларды пайдалануды ұсынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей әкімшілігі жаңа жылға байланысты шараларда жасанды шыршаларды пайдалануды ұсынуда

Семей әкімшілігі жаңа жылға байланысты шараларда жасанды шыршаларды пайдалануды ұсынуда

Семей. 29-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Семей әкімшілігі білім беру мекемелерінің басшыларына жаңа жылға байланысты шараларда жасанды шыршаларды пайдалануды ұсынып отыр. Бұл туралы қала әкімшілігінің жанындағы білім беру бөлімінің бас маманы Сәуле Қожабекова мәлімдеді.

  • 29 Қараша 2007
  • 474
Фото - Caravan.kz

«Жасанды шыршаларды алу бізде өте маңызды мәселе болып тұр. Біз өзіміздің қалған бірегей орманымызды сақтауымыз керек және осы мақсатта айтарымыз: жасанды шыршаларды алыңдар, оның үстіне бұл өте қолайлы әрі тиімді. Себебі, жыл сайын шырша немесе қарағайды қайдан алу керектігін ойлап жатудың қажеті болмайды», — деп атап көрсетті С. Қожабекова.

Қалалық білім беру бөлімінің бастығының орынбасары Николай Пивкиннің айтуынша, мектеп басшылықтарының көбісі әкімшілік үндеуін қолдады. «Семей аймағының 82 мектебінің 60-қа жуығы жасанды шырша орнататындықтарын хабарлап та үлгерді», — деді ол.

Н. Пивкин сондай-ақ, биыл халқы ең тығыз орналасқан ықшамаудандардағы 3 мектеп жасанды шыршаларды көшеде — мектеп ауласында (биіктігі 3,5 метр) орнатуға уәде бергендігін атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті