Қарағандыда бес жасөспірім өздерімен құрбылас баланы өлтірген - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда бес жасөспірім өздерімен құрбылас  баланы өлтірген

Қарағандыда бес жасөспірім өздерімен құрбылас баланы өлтірген

Қарағанды. 29-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда бес жасөспірім өздерінің қатарласын өлтірген, бұл туралы кеше Қарағанды облысы Қазыбек би аудандық ІІБ тергеу бөлімінің бастығының орынбасары Ерлан Әбішев баспасөз мәслихатында хабарлады.

  • 29 Қараша 2007
  • 427
Фото - Caravan.kz

«Қазыбек би ауданының ІІБ-ның кезекші бөліміне түнгі сағат үштердің шамасында Гоголь көшесіндегі №48 үйдің кіреберісінде белгісіз топ Теміртау қаласында тұратын кәмелеттік жасқа толмаған екі жасөспірімге дене жарақаттарын салғаны туралы хабар келіп түсті. Олардың бірі 17 жасар бозбала алынған жарақаттар салдарынан оқиға орынында қайтыс болды», — деп хабарлады Е. Әбішев.

Оның айтуынша, аталмыш қылмысты жасауға күдікті деген 16 мен 19 жас аралығындағы Қарағанды қаласының бес тұрғыны тұтқындалған. Олар өз қылмыстарын мойындаған және оларды жәбірленушілер таныған.

Жас жігіттерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 103 бабы 3-бөлімі бойынша («Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеліп соққан денсаулыққа қасақана ауыр залал келтіру») қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады тілшілерге Е. Әбішев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті