Баяндама мәліметтеріне сүйенсек, өмір сүруге неғұрлым қолайлы жағдай Исландияда жасалған. Одан кейінгі орындарда Норвегия, Австралия, Канада және Ирландия елдері жайғасқан. Ең соңғы 177-ші орында — Сьерра-Леоне. Буркина-Фасо (176-ы орын), Гвинея-Бисау (175-і орын), Нигер (174-і орын) және Мали (173-і орын) елдеріндегі жағдай одан сәл жақсы.
Баяндамада айтылғандай, бұрынғы кеңес республикаларының ішінде Литва, Эстония және Латвия елдерінде өмір сүру жанға жайлы. Олар тиісінше 43, 44 және 45-ші орындарды иеленген. Олардан төмен рейтингте Беларусь (64-ші орын) және Ресей (67-ші орын) орналасқан.
Қалған 10 ТМД республикасы орташа деңгейде дамыған елдер тобына жатқызылған. Қазақстан — 73, Украина — 76, Армения — 83, Грузия — 96, Әзербайжан — 98, Түркіменстан — 109, Молдова — 111, Өзбекстан — 113, Қырғызстан — 116, Тәжікстан — 122-ші орындарда орналасқан.
АҚШ, өткен жылдармен салыстырғанда, 8-ші орыннан 12-ші орынға төмендеген. Жапония 8-ші орында, Франция — 10, Ұлыбритания — 16, Оңтүстік Корея — 26, Чехия — 32, Қытай — 81, Түркия — 94-ші орындарда орналасқан.
Адамдар ең ұзақ өмір сүретін жер — Жапония. Онда орташа өмір сүру ұзақтығы — 82,3 жыл. Ал ең қысқа өмір жасы Зимбабведе — 40,5 жыл.
Ал сенімді мәліметтердің жеткіліксіздігінен, арасында Ауғанстан мен Ирак та бар, 17 ел БҰҰ Даму бағдарламасының рейтингіне кірген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті