Сапарбаев пен Дерновой мемлекет басшысына министрліктердің ағымдағы жылғы жұмысының қорытындылары жөнінде баяндады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сапарбаев пен Дерновой мемлекет басшысына министрліктердің  ағымдағы жылғы жұмысының қорытындылары жөнінде баяндады

Сапарбаев пен Дерновой мемлекет басшысына министрліктердің ағымдағы жылғы жұмысының қорытындылары жөнінде баяндады

Астана. 29 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев пен Денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновойды қабылдады, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

  • 29 Қараша 2007
  • 389
Фото - Caravan.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаев мемлекет басшысын еліміздегі әлеуметтік ахуал жөнінде және президенттің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында айқындалған тапсырмалардың орындалу барысы туралы хабардар етті.

Кездесу барысында сондай-ақ «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасының аясында серпінді жобаларды іске асырып отырған кәсіпорындарды білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесі әңгіме болды.

Денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа министрліктің ағымдағы жылғы жұмысының қорытындылары жөнінде баяндады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті