Сенат әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат  әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді  алғашқы оқылымда мақұлдады

Сенат әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады

Астана. 29 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 29 Қараша 2007
  • 398
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасы Қазақстан президентінің 2007 жылдың 28 ақпанындағы ел халқына арнаған жолдауының әлеуметтік блогын жүзеге асыру аясында жасалған.

Атап айтсақ, заң жобасында зейнетақы көлемін есептеуде ескерілетін кіріс деңгейінің ең жоғары шегін көтеру есебінен зейнетақы қамтамасыздығы деңгейін көтеру қарастырылған. Қазіргі таңда шектеу 15 айлық есептік көрсеткіш шамасында белгіленген. Бұл көрсеткіш 25 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылады.

Сондай-ақ, 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен зиянды және ауыр еңбек жағдайындағы жұмыстарда қажетті еңбек өтілін жинап үлгерген адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (Тізім №2) енгізіледі.

Балалы отбасыларға төленетін жәрдемақылар мөлшерін ұлғайту есебінен, жүктілік, босану мен жұмыс істейтін әйелдердің ана болуын міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу есебінен ана мен баланы әлеуметтік қолдау жүйесі одан әрі дамытылады.

Жалпы алғанда заңды жүзеге асыру құны 44,7 млрд теңгені құрайды, ол 2008 жылға арналған республикалық бюджет жобасында көзделген.

Заң жобасы екінші оқылымға дайындау үшін сенаттың салалық комитетіне ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті