Қазақстан құрамында 12,5% протеині бар 7 млн тонна бидай шығара алады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан құрамында 12,5% протеині бар  7 млн тонна бидай шығара алады

Қазақстан құрамында 12,5% протеині бар 7 млн тонна бидай шығара алады

Астана. 29 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан құрамында 12,5% протеині бар 7 млн тонна бидай шығара алады. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан

  • 29 Қараша 2007
  • 426
Фото - Caravan.kz

Екінші астық форумында ҚР ауыл шаруашылық вице- министрі Ақылбек Күрішбаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Жуырда қазақстандық және еуропалық ғалымдардың жүргізген зерттеулері көрсеткеніндей, Солтүстік Қазақстан алқаптары экологиялық таза өнімдерді шығаруға болатын талаптарға сай. Бұл біздің елді экологиялық таза бидай экспортын шығаратын жетекші республика ретінде қарастыруға мүмкіндік береді», — деді ол.

А. Күрішбаев айтқанындай, «ғалымдардың болжамдары бойынша, барлық жерді қалыптасқан жер өңдеу тісіліне көшіп,тыңайған жерлерді айналымға қосу арқылы, егістік жерлерді пайдалану құрылымын толық өзгертуге болады «.
Оның пікірінше, осыған байланысты, «майлы дәнді дақылдар, бұршақ дәнділерінің, жарма және жемшөп дақылдарының алқаптарын ұлғайтуға мүмкіндік туады».

«Ғылыми агротехнологияларды қолдану арқылы, республикада жоғары өнімді бидай түрлерінің орташа өнімділігі 10 — 11 ц/га ден 15 ц/га ұлғаюы ықтимал, ал орта жылдың жалпы астық өндірісі 26 млн тоннаға дейін, оның ішінде бидай 13 до 18 млн тоннаға дейін көтеріледі», — деп атап өтті ол.

Ауыл шаруашылық вице-министрі атап өткеніндей, » мемлекет тарапынан алға қойған міндеттердің орындалуы үшін қажетті қолдау көрсетіліп, астық нарығында мемлекеттік реттеу тәсілдері жетілдірілетін болады».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті