Батыс Қазақстан облысында екі кәсіпкерді ұрлаған күдіктілер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында екі кәсіпкерді ұрлаған күдіктілер ұсталды

Батыс Қазақстан облысында екі кәсіпкерді ұрлаған күдіктілер ұсталды

Орал. 29 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысында екі кәсіпкерді бопсалау мақсатында ұрлаған күдіктілер ұсталды. Бұл туралы агкенттік тілшісіне облыстық ІІД хабарлады.

  • 29 Қараша 2007
  • 438
Фото - Caravan.kz

«Облыстағы бір ауылда тұратын екі кәсіпкерді тонау оқиғасы болды. «Мицубиси-паджеро» автокөлігін мінген белгісіз біреулер көшеде көпе-көрінеу бір кәсіпкерге шабуыл жасап, оны машинаға итеріп кіргізген. Осыдан біраз ауқыттан кейін оның серіктесін ұрлап әкеткен. Оларды автокөлік жуатын орынның боксында қамап ұстаған. Кәсіпкерлерден әлгілер 5 мың АҚШ долларын талап еткен», — деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Фатихолла Маштахов.

Оның айтуынша, тұтқындардың бірі полицияға хабар беруге мүмкіндік тауып, оқиғадан хабардар еткен. Оларды қамаудан босату шарасына «Арлан» арнаулы бөлімінің жауынгерлері, ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері мен Батыс аудандық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері қатысты.

«Ауыр қылмыс жасағаны үшін Оралдың екі тұрғыны ұсталды, олардың екеуі бұрын істі болған. Олардың бәрі де Оралдағы уақытша тергеу абақтысында отыр. Ұстау кезінде олардан Макаров тапаншасының муляжы мен есірткілік зат табылды. Сондай-ақ, автокөлік жуатын орынның боксынан жәбірленушілерді азаптау салдарынан аққан қан іздері табылды», — деп хабарлайды ІІД.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті