Қазақстанның депутаттары РФ Федералдық жиынының Мемлекеттік думасына депутаттар сайлау науқанының мониторингіне қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның депутаттары РФ Федералдық жиынының Мемлекеттік думасына депутаттар сайлау науқанының мониторингіне қатысады

Қазақстанның депутаттары РФ Федералдық жиынының Мемлекеттік думасына депутаттар сайлау науқанының мониторингіне қатысады

Астана. 29-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының депутаттары Ресей Федерациясының Федералдық жиынының Мемлекеттік думасына депутаттар сайлау науқанының мониторингіне қатысады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының парламенті мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 29 Қараша 2007
  • 740
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісі төрағасының орынбасары Бақытжан Жұмағұлов басқаратын ТМД мүше мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясының 12 бақылауышсы Ресей Федерациясының Федералдық жиынының Мемлекеттік думасына депутаттар сайлау науқанының мониторингіне қатысу үшін Мәскеуге барады.

Қазақстан парламентінің депутаттары Мәскеудегі, Санкт-Петербургтағы, Астарахань, Курган, Омск облыстарындағы сайлау учаскелеріне жұмылдырылады.

Ресейдің сайлау жүйесінде алғаш рет 2007 жылдың 2-желтоқсанында сайлау пропорционал жүйе бойынша өтеді, онда парламенттің төменгі палатасындағы орын үшін 11 саяси партия күреседі.

Бақылау нәтижесі үстіміздегі жылдың 3-желтоқсанында ТМД миссиясымен бірге өтетін қорытынды баспасөз мәслихатында жария етіледі деп күтілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті