Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің екі күндік кездесуінің күнтізбесінде бірқатар мәселелер қойылған, соның ішінде Қазақстанның ЕҚЫҰ -ына 2009 жылы төрағалық ету жөніндегі өтініші қаралады. Бұл мәселе бойынша соңғы шешім 30-қарашада — Сыртқы істер министрлерінің кеңесі отырысының соңғы күнінде қабылданады деп күтілуде.
Сыртқы істер министрлері кеңесінің бірінші жұмыс күнінде ЕҚЫҰ мүше әрбір елдің өкілдерінің басшылары — сыртқы істер министрлері баяндама жасайды. Қазақстан Республикасының сыртқы саясат мекемесінің басшысы М. Тәжин түске дейін баяндама жасайды деп күтілуде.
Бұрын хабарлағанымыздай, өткен жылдың желтоқсанында Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төрағалық етуге берген өтінішін қарау мерзімі 2007 жылы Мадридте өтетін Сыртқы істер министрлері кеңесінің 15-ші отырысына қалдырылған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті