Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалар әлі де анықталуы мүмкін - сарапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалар әлі де анықталуы мүмкін - сарапшы

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалар әлі де анықталуы мүмкін - сарапшы

Алматы. 29-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалар әлі де анықталуы мүмкін. Бұл туралы бүгін СПИД-пен күрес Күніне байланысты дүниежүзілік науқанға орай жүргізілген баспасөз мәслихатында дерттің алдын алу және бақылау жөніндегі американдық орталықтың Орта Азиядағы кеңсесінің қызметкері Бауыржан Жүсіпов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 29 Қараша 2007
  • 543
Фото - Caravan.kz

«Өздеріңізге белгілі, қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 140 бала тіркелген. Бағалау мәліметтері бойынша, біз басында індетті жұқтырған балалардың саны 150 — 180 құрайды деген есеп жасаған болатынбыз. Осыған сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалар әлі де тіркелуі мүмкін»,- деп хабарлады Бауыржан Жүсіпов.

Ол сондай-ақ, «індеттің таралуының тоқтаған белгілері бар және де қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтыру тоқтаған», деп атап өтті.

«Қазақстанда жыл сайын ВИЧ індетіне 1 млн 200 мыңға жуық тексеру жүргізіледі, яғни халықтың шамамен 8 — 9 пайызы тексеруден өтеді, бұл айтарлықтай жоғары көрсеткіш және әлемнің дамыған елдеріндегі тексерілу деңгейіне сәйкес. Мысалы, АҚШ 300 млн адамның жыл сайын 25 млн тексеруден өтеді. Сөйтіп, республикалық СПИД орталығының есірткіге тәуелділікке бой алдыру қаупі жоғары халық тобымен істейтін жұмыстарын ескере отырып, ВИЧ індетін жұқтырған адамдардың басым бөлігінің тіркелгендігі туралы айтуға болады»,- деп санайды Б. Жүсіпов.

СПИД-пен күрес және оның алдын алу жөніндегі республикалық орталықтың бағалу мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстандағы ВИЧ -ке қатысты ахуал нашар. Індеттің республика аумағындағы таралуы бір қалыпты емес. Жалпы ВИЧ індетін жұқтырған 9083 адам тіркелген, бірақ індетті жұқтыру деректері Алматыда, Павлодар мен Қарағанды облыстарында ең көп тараған. Теміртау қаласы Қазақстандағы ВИЧ індетінің ең көп тараған аймақ болып табылады, мұнда 1996 жылдан бері 1490 адам ВИЧ індетін жұқтырған. Ал 1987 жылдан бері 617 адам СПИД індетін жұқтырған.

Бұрын хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 140 бала, 16 ана тіркелген болатын. Олардың ішінде он бала қайтыс болып, біреуін шетелге асырап алып кеткен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті