ҚР "Шеврон" өкілдігі басшының пікірінше Қазақстанда қуат үнемдеу пайдалы бизнес көзіне айналуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР "Шеврон"  өкілдігі басшының пікірінше Қазақстанда қуат  үнемдеу пайдалы  бизнес  көзіне айналуы мүмкін

ҚР "Шеврон" өкілдігі басшының пікірінше Қазақстанда қуат үнемдеу пайдалы бизнес көзіне айналуы мүмкін

Астана. 29 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Chevron Munaigas Inc.өкілдігінің басшысы Замира Қанапиянованың пікірінше, Қазақстанда қуат үнемдеу бизнес көзіне айналуы мүмкін. Мұндай пікірді ол, KazEnergy қауымдастығының мұнайгаз және энергетикалық саласының дамуы кеңесінің үйлестіруші отырысында білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 29 Қараша 2007
  • 467
Фото - Caravan.kz

«Біздің корпорацияның құрамында «ШевронЭнерджи» деп аталатын компания бар. Ол корпорацияның құрамындағы компаниялар мен басқа ұйымдарға энергия көздерін үнемдеу жөнінде ұсыныстарын жасауда. 1992 жылдан бастап біздің корпорация «ШевронЭнерджи индекс» деген түсінік енгізді. Осы уақыт аралығында, 15 жылда компания ішінде электр қуатын тұтыну көлемі 27% төмендеді, ал мұнай компаниялары электр энергиясын көп пайдаланады», — деді З. Қанапиянова.

Оның айтуынша, «Мүмкіндік болса, бұл идеяны бүкіл Қазақстанға таратып, оны ҚМГ құрамына немесе «КазЭнерджи» қауымдастығы арқылы енгізіп, энергияны үнемдеу деген тағы да бір бизнесті ашуға болады».

«Шеврон» өкілдігінің басшысы атап өткеніндей, тұтынушылардың қуат көздерін үнемдеу үшін, мемлекет тарапынан көп сатылы тариф енгізу керек.

«Қазір электр энергиясының құны қымбаттағаннан кейін, адамдар оны үнемдеуге көшеді деген әңгіме көп айтылуда. Өкінішке орай, олар бір екі ай реніштерін білдіріп, кейін оған дағдыланып алып, бұрынғы сарынмен қуатты пайдаланып жүре береді», — деді ол. Оның сөздеріне қарағанда, батыста көп сатылы тариф пайдаланылады, «ол тарифтер бойынша, егер сіз бірінші айда 100 киловатт тұтынсаңыз, шартты түрде әрбір киловатына $2 төлейсіз, келесі айда 200 киловат жұмсасаңыз, алғашқы 100 киловатын бұрынғы $2 тарифімен төлеп келесі 100 киловатын $3 төлейсіз», — деп түсіндірді ол.

«Мұндай төлем жүйесін су мен газды тұтынуда пайдалануға болады. Ресурс көздерін тұрмыстық жағдайда үнемдеп, сақтау туралы мәселе көп көтерілуде, тіпті, кейбір бағдарламалар жасалып, оған қатысқандарға тарифтік жеңілдіктер беріліп жатады. Тұтынушылардың куат көздерін үнемдеуге мүдделік танытатын жәйттері өте көп «, — деген пікірін білдірді З. Қанапиянова.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті