2008 жылы Павлодар облысында ірі мал бордақылау алаңы құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2008 жылы Павлодар облысында ірі мал бордақылау алаңы құрылады

2008 жылы Павлодар облысында ірі мал бордақылау алаңы құрылады

Павлодар. 29-қараша. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылы Павлодар облысының Новоямышево аулында 5 мың ірі қара малға арналған үлкен бордақылау алаңы құрылатын болады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыстың ауылшаруашылық департаментіне сілтеме жасай отырып.

  • 29 Қараша 2007
  • 465
Фото - Caravan.kz

Бордақылау алаңына арналған жер кездейсоқ таңдалған жоқ. Новоямышево аулында «жасанды суармалы жер бар, Ертіс өзенінің алқабында жоғары сапалы жем дайындалады. Осы басымдықтардың барлығы біздің таңдау жасауымызға көмек болды»,- деп түсіндірді мекемедегілер.

«Жаңа кәсіпорынның өнімдерін сыртқы нарыққа — жақындағы Ресейге, тіптен шетелдерге де шығару жоспарлануда»,- деп хабарлады облыстық департаменттің бастығы Нұржан Әшімбетов.

Оның айтуынша, «бүгінгі күнде, бордақылау алаңын құруға аймақтың бюджетінен қанша қаржы бөлінетіндігі әлі белгісіз, бірақ осы мақсаттарға бөлінетін қаржы үстіміздегі жылдың желтоқсанында аймақтың негізгі қаржы құжатын нақтылау барысында қарастырылатын болады».

Сонымен қатар, «Павлодар облысын 2015 жылға дейін дамыту стратегиясын» жүзеге асыру барысында Баянауыл ауданында да осы тектес бордақылау алаңдарын құру жоспарлануда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті