"Энергияны үнемдеу туралы" жаңа заңда бекітілетін талаптарды орындамай, электр қуатын асыра пайдаланғандарға айып салыну керек - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Энергияны үнемдеу туралы" жаңа заңда бекітілетін талаптарды орындамай, электр қуатын асыра пайдаланғандарға айып салыну керек

"Энергияны үнемдеу туралы" жаңа заңда бекітілетін талаптарды орындамай, электр қуатын асыра пайдаланғандарға айып салыну керек

Астана. 29 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның "Қуат көздерін үнемдеу туралы" жаңа заңында электр көздерін тұтыну талаптарын орындамай, асыра пайдаланғандарға айып салыну керек. Мұндай пікірді бүгін KazEnergy қауымдастығының мұнайгаз және энергетикалық салалардың дамуын үйлестіру кеңесінің отырысында, "KEGOC" АҚ вице- президенті Владимир Осоченко білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 29 Қараша 2007
  • 739
Фото - Caravan.kz

«Энергияны үнемдеу туралы заңының жаңа редакциясында қуат көздерін асыра пайдаланғандарға қатысты жауапкершілік шаралары анықталып, электр көздерін үнемді пайдаланғандарды ынталандыратын механизмдерді бекіту керек «, — деп санайды В. Осоченко.

Оның пікірінше, заңда «энергетикалық саласындағы тиімділікті көтеру үшін, ұлттық, облыстық және қалалық институттарының міндеттірі мен мақсаттарын анықтау керек. Сондай-ақ, іске қосылатын қуат көздерінің пайдалану механизмдері ескерілуі керек «.

«Қуат көздерін үнемдеп,оны дұрыс пайдаланатын индустриясы дамыған елдердің тәжірибесін ескере отырып, ұлттық және халықаралық даму институттарының қатысуымен энергия үнемдеудің арнайы қорын құру керек. Бұл арқылы қуат көздерін үнемдеуге ынталандырып, бұл салада ғылыми-техникалық тиімді жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік туады», — деп түсіндірді KEGOC басшылығының өкілі.

«ең бастысы арнайы энергетикалық тиімділік жөніндегі агенттіктің құрылуы қарастырылуы керек. Оның бұл міндетті атқара алатын ресурстары болуы шарт», — деп санайды В. Осоченко.

Бұдан ертерек хабарланғанындай, бүгін үйлестіруші кеңесінің отырысы барысында, ҚР ЭМРМ энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы Мұрат Рамазанов, «2009 жылы ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі «қуат көздерін үнемдеу туралы» жаңа заңын дайындайды. Қазір елде 1997 жылы қабылданған аттас заң бар, алайда ол деклатаривтік сипатта болғандықтан, іс жүзінде жұмыс істемейді » деді М. Рамазанов . Ол атап өткеніндей, үкіметтің заң жобалық жұмыс жоспары бойынша, «Қуат көздерін үнемдеу туралы» заң жобасы «2009 жылдың сәуір-мамыр айында қарастырылады».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті