Лавочкин атындағы ғылыми-өндірістік бірлестігінің мамандары «Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығының қызметкерлерімен бірге № 31 алаңының жанармай құю станциясында «Фрегат» үдеткіш блогының қозғалтқышының багына жанармай құю жұмыстарын жүргізуде. Жанармай құйылып біткеннен кейін «Фрегат» үдеткіш блогы RadarSat-2 ғарыш аппаратымен және өтпелі жүйесімен түйістіру үшін монтаждау-сынақ корпусына жеткізіледі.
RadarSat-2 канадалық ғарыш аппаратын «Союз-ФГ» зымыран тасығышы мен «Фрегат» үдеткіш блогының көмегімен Байқоңырдан 2007 жылдың 14-желтоқсанында ұшыру жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті