«Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ына 2009 жылы төрағалық жасауға ұсынған кандидатурасын қолдайтындығымызды айта келе, бұл ұйымның дамуына жаңа серпін беруге мүмкіндік беретіндігіне, іс жүзінде оның барлық мүшелерінің теңдігі мен ЕҚЫҰ басқарушы құрылымдарындағы географиялық тепе-теңдіктің әділеттілігін қамтамасыз ететіндігіне сенімдіміз»,- деп мәлім етті Н. Бордюжа.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Н. Бордюжа Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттер ЕҚЫҰ іс-қызметінің тиімділігін көтеруге қатысты бірқатар нақты ұсыныстар енгізгендігін еске сала кетті. Бұл, атап айтқанда, есірткі заттарының заңсыз айналымымен күресуге қатысты шешім жобалары, ЕҚЫҰ Жарғысын әзірлеу, Демократиялық институттар мен адам құқығы жөніндегі Бюро желісі бойынша сайлауға бақылау жасау.
«Бұл құжаттарды қабылдау ЕҚЫҰ-ның толыққанды халықаралық ұйымға өзгеру жолындағы қадам, оның күнтәртібін біздің барлығымызға қауіп төндіретін жаңа қауіп-қатерлерге бірігіп әрекет ету мәселелерімен толықтыру, мониторинг механизмдерін оның мүшелерінің мүдделері бойынша жетілдіру болып табылады», — деп атап өтті ЕҚЫҰ бас хатшысы.
Н. Бордюжа сондай-ақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттер ЕҚЫҰ қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі форумының рөлін көтеруді айта келе, ұйымның әскери-саяси бағытындағы күш-жігерін пәрмендендіруге шақыратындығын атап өтті, деп хабарлады Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Хатшылығының баспасөз қызметінен.
Н. Бордюжа, ЕҚЫҰ саяси келешегі, оның қазіргі еуропалық, еуроатлантикалық және еуро-азиялық қауіпсіздік жүйесінде қомақты рөл атқару мүмкіндігі реформалық жұмыстардың тиімділігі мен ұйымның Мадрид отырысындағы шешімінің сапасымен айқындалатындығына сенімін білдірді.
«Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы өз тарапынан ЕҚЫҰ және оның құрылымдарымен барлық мәселелер бойынша өзара ықпалдасуға дайын»,- деп атап көрсетті Н. Бордюжа.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті