Қарағанды облысында автобус пен шетелдік көліктің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында автобус пен шетелдік көліктің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі жараланды

Қарағанды облысында автобус пен шетелдік көліктің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі жараланды

Астана. 30 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында автобус пен шетелдік көліктің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі жараланды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісіне ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 30 Қараша 2007
  • 377
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 29 қарашада 07 сағат 30 минутта Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында Алматы-Екатеринбург тас жолының 711-ші шақырымында «МАН» автобусының жүргізушісі ( №49 рейс, Шу-Жезқазған, 25 жолаушымен) «Мицубиси» көлігімен соқтығысты.

Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Автобустың жүргізушісі, қосалқы жүргізуші мен «Мицубиси» көлігінің жолаушылары түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті