Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 29 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Серебрянск қаласында 40 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірген кезде 49 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Өртті ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 9 адамы мен 2 техникасы сөндірді.
Сонымен бірге, Семейде саяжайдағы өртті сөндірген кезде аты-жөні анықталмаған әйелдің мәйіті табылды. Жалын жалпы 30 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртті ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 11 адамы мен 2 техникасы сөндірді.
Мекеме мәліметінше, Қостанай облысының Смирновка ауылында жай үйде шыққан өртті сөндірген кезде 69 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Өрт аумағы 12 шаршы метрді құрады. Оны сөндіруге ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 6 адамы қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті