Сенатта жергілікті өкілетті органдармен өзара ықпалдастық жасау жөніндегі Кеңес құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенатта жергілікті өкілетті органдармен өзара ықпалдастық жасау жөніндегі Кеңес құрылды

Сенатта жергілікті өкілетті органдармен өзара ықпалдастық жасау жөніндегі Кеңес құрылды

Астана. 30-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Парламент сенатында жергілікті өкілетті органдармен (мәслихаттармен) өзара ықпалдастық жасау жөніндегі Кеңес құрылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 30 Қараша 2007
  • 673
Фото - Caravan.kz

«Жергілікті өкілетті органдармен өзара ықпалдастық жасауды пәрмендендіру мәселесін бүгінде өмірдің өзі тудырып отыр. Және де біздің кеңес сияқты консультативтік-кеңесші органдар құру уақытын тапқан және қажетті қадам болып табылады»,- деп мәлім етті бүгін кеңестің бірінші отырысын ашқан сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Жоғарғы және төменгі деңгейдегі өкілетті биліктердің өзара ықпалдастығы қандай да бір проблеманы шешуде ұсыныстар мен көзқарастар әзірлеуде, бірлескен заң шығару іс-қызметінде көмек болады»,- деп санайды ол.

Кеңеске парламент сенатының жанындағы консультативтік-кеңесші орган мәртебесі берілді. Оның басты мақсаты жергілікті мемлекеттік басқару және аймақтарды дамыту салаларындағы заңнамаларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Кеңесті сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев басқарады. Оның орынбасары лауазымына сенат депутаты Оралбай Әбдікәрімов тағайындалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті