Оның хабарлауынша, департамент жыл басынан бері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің «Тұтынушыларды алдау» және «Интеллектуалдық меншік құқығын бұзу» баптары бойынша 20-ға жуық қылмыстық іс қозғаған.
Атап айтқада, «DVD — дискілерін дайындап, оларды сататын жасырын цех табылды», деді Абзал Кәрімов.
«Ұсталғандар 2006 жылдың қазан айынан бері жекеменшік үйде компьютер, жеті DVD көшіру құрылғысын, түрлі-түсті принтер мен сканерді пайдаланып контрафакт өнімдер дайындап, оны қаланың орталық базарында сатумен айналысып келген»,- деп түісндірді Абзал Кәрімов. Ол сондай-ақ «ұсталғандар DVD — өнімдерін Бішкектен алғандығын» айтып өтті.
Ұсталғандардан жалпы сомасы 230 мың теңгені құрайтын әртүрлі атауы бар 460 дана DVD-өнімін тауып, тіркілеген. Жалпы «құқық иесіне келген шығын, жүргізілген тексеруге сәйкес, 1,4 млн теңгені құрап отыр»,- деп хабарлады экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің бастығы.
«Аталмыш дерек бойынша Қазақстан Республикасының 184-бабының 3-тармағы бойынша (интеллектуалдық меншік құқығын бұзу) қылмыстық іс қозғалды. Сот қылмыстық істі қарап, ұсталған азаматты шартты түрде екі жыл бас бостандығынан айыру үкімін шығарды»,- деп қорытындылады Абзал Кәрімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті