Путин Қырғызстандағы реформаларды қолдайтынын мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Путин Қырғызстандағы реформаларды қолдайтынын мәлімдеді

Путин Қырғызстандағы реформаларды қолдайтынын мәлімдеді

Бішкек. 30 қараша. "Қазақстан Бүгін" -Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстандағы реформаларды қолдайтының мәлімдеді. Бұл туралы Кремльдің үлкен сарайында дипломатиялық миссия басшыларына арналған салтанатты қабылдау кезінде РФ ісі бойынша Қырғызстанның уақытша өкілі Раимқұл Аттақұровпен болған қысқа кездесу кезінде белгілі болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

  • 30 Қараша 2007
  • 527
Фото - Caravan.kz

СІМ ақпараты бойынша, Р. Аттақұлов Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевтің атынан Ресейде болатын парламенттік сайлауды сәтті өткізу тілеген жеткізіп, республикада өткен референдум қорытындысы мен мерзімінен бұрын 16 желтоқсанға белгіленген парламент сайлауының дайындық жұмыстары жөнінде құлағдар етті».

В. Путин өз кезегінде, «Қырғыстан халқы мен ел басшыларын референдумның сәтті өтуімен құттықтап, алда Қырғызстанда өтетін парламент сайлауларының оңтайлы өтуіне байланысты жылы лебіз білдіріп, Қырғыстан Республикасы басшылары жүзеге асырып жатқан реформалар мен конституциялық өзгерістерді қолдайтынын мәлімдеді».

Сондай-ақ , «кездесу кезінде екі жақты қырғыз-ресей ынтымақтастығы және барлық бағыттағы қатынастарды дамыту тиімділігі жөнінде мәселелер қазғалды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті