РФ ОСК мәліметтері бойынша, есептелінген 79,3% хаттама қорытындылары көрсеткеніндей, сайлау тізімінің басында тұрған РФ президенті Владимир Путин басқаратын «Единая Россия» партиясы Мемлекеттік дума сайлауына 63,3% дауыс жинаған.
Екінші орында КПРФ- 11,7%, ЛДПР — 8,5% үшінші орынды иемденді.
РФ Орталық сайлау комиссиясы хабарлағанындай, «Справедливая Россия» 8,0% жинады. Ал 2,4% жинаған Аграрная партия , 1,7%, -«Яблоко» — 1%, «Гражданская сила» — 1,1%, СПС — 1,0%, 0,9% ие болған «Патриоты России» партиясы, Партия социальной справедливости 0,2%, Демократическая партия России — 0,1% жинағандар Мемлекеттік думаға кіруге құқық беретін 7 пайыздық дауысқа қол жеткізе алмады.
Қазақстандағы РФ елшілігінің ақпараты бойынша, Мемлекеттік думаға сайлау өткізілген ҚР облыс орталықтары мен ірі қалаларының 13 учаскелерінде 7,9 мың сайлаушы дауыс берген. Сондай-ақ, Байқоңырдың сайлау учаскесінде қосымша бірнеше мың адам сайлауға қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті