Азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда бағаның ең жоғары өсімі жұмыртқаға 9,7%-ке, май және тоң майға — 7,7%, сүт өнімдеріне 6,1% байқалды.
Нан және жарма өнімдерінің бағасы 3,9%-ға, макарон өнімдеріне — 10,6%-ға, ұнға — 5,2%-ға өсті.
Жаңа піскен көкөніс өнімдерінің бағасы 6,9%-ға, жеміске 4,9%-ға, қантқа — 3,6%-ға, балық етінің бағасы 2,6%-ға, ет өнімдері 2,2%-ға өсті.
Азық-түлік емес тауарлар тобында бензин — 6%-ға, дизелдік отын — 10%-ға, көмірдің бағасы 5,2%-ға өсті. Жуғыш пен тазалағыш құралдар бағасының өсімі 2%, киім және аяқкиімге — 1,6%, үй тұрмысында пайдаланылатын заттарға — 1,3%, жеке гигиеналық тауарларға — 1% құрады.
Қызмет көрсетудегі төлем білім беруде 0,5%-ға, денсаулық сақтау мен мәдениет саласында — 1,1%-ға өсті. Шаштараздардың бағасы 2,6%-ға, мейрамханалар мен қонақ үйлердің қызметтерінің құны 3,7%-ға өсті.
Темір жол көлігімен жол жүру 1%-ға арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызмет көрсетулерге бағасы мен тарифтері 2,1%-ға өсті. Суық судың құны 6,1%-ға, ыстық судың бағасч 2,8%-ға, орталықтан жылыту — 2,7%-ға, газбен жабдықтау — 1,9%-ға, қоқыс жинауға 2,1%-ға, тұрғын үйді күтіп ұстауға — 1,7%-ға өсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті