Кувейт премьер-министрі ресми сапармен Қазақстанға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кувейт премьер-министрі ресми сапармен Қазақстанға келеді

Кувейт премьер-министрі ресми сапармен Қазақстанға келеді

Астана. 3 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Кувейт премьер-министрі шейх Насер аль Мухаммед аль-Ахмада ас-Сабах ресми сапармен Қазақстанға келеді. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев бүгін өткен брифингте хабарлады.

  • 3 Желтоқсан 2007
  • 439
Фото - Caravan.kz

Оның нақтылауынша, сапар ағымдағы жылдың желтоқсан айының 10 мен 12 аралығына межеленген. «Сапар барысында Кувейт премьер-министрі ел басшылығымен кездеседі. Бұл кездесулердің барысында екі жақты қарым-қатынасқа қатысты кең көлемді мәселелер топтамасы бойынша, соның ішінде екі жақ бірдей мүдделілік танытып отырған өзекті халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасылады», — деді Қазақстан сыртқы істер министрлігінің өкілі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті