Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышы "Космос" жер серігін алып 9 желтоқсанда ұшырылады деп межеленген - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышы  "Космос" жер серігін алып 9 желтоқсанда ұшырылады деп межеленген

Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышы "Космос" жер серігін алып 9 желтоқсанда ұшырылады деп межеленген

Байқоңыр. 3- желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышы "Космос" жер серігін алып 9 желтоқсанда ұшырылады деп межеленген, деп хабарлайды агенттік ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 3 Желтоқсан 2007
  • 433
Фото - Caravan.kz

Ақпарат көзінің хабарлауынша, ғарыш айлағында «Космос» жер серігін алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары аяқталып келеді. Бүгін жанармай құю бекетінде Ресей Қорғаныс министрлігінің мүддесіне сай ұшырылатын «Космос» жер серігін алып ұшуға тиіс «Бриз-М» үдеткіш блогының бактарына жанармай құю жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан кейін ғарыш айлағының мамандары «Протон-М» зымыран тасығышын ұшырылым кешеніне шығаруға дайындалады.

Ұшырылым алдындағы дайындақтарды тікелей ұшырылым кешенінде одан әрі жалғастыру жөніндегі шешімді 4 желтоқсанда мемлекеттік комиссия қабылдауға тиіс.

«Космос» жер серігін алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышын №81 алаңның ұшырылым кешеніне шығару 5 желтоқсан таңертеңге белгіленген. Бұдан кейін ғарыш айлағының мамандары ұшырылым кешені мен зымыран тасығыштың жүйелерін тексере бастайды.

«Космос» жер серігін алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышы №81 алаңнан 9-желтоқсанда Астана уақытымен 6 сағат 16 минутта (Мәскеу уақытымен 3.16) ұшырылады деп межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті