Жамбыл облысында вагондардың жолдан шыққан бөлігінде апаттық қалпына келтіру жұмыстары аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында вагондардың жолдан шыққан бөлігінде апаттық қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

Жамбыл облысында вагондардың жолдан шыққан бөлігінде апаттық қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

Астана. 4-желтоқсан."Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында вагондардың жолдан шыққан бөлігінде апаттық қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 4 Желтоқсан 2007
  • 461
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 3-желтоқсандағы жағдаймен 14 сағат 50 минутта апаттық қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2 желтоқсанда 23 сағат 40 минутта Жамбыл облысының Қордай ауданында Анархай станциясында №3013 жүк поезының 9 вагоны шойын жолдан шығып кетті. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға Шу станциясының қалпына келтіруші поезы мен 30 адам жұмылдырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті