Балхаштағы мыс балқыту цехында өрттің зардаптары жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балхаштағы  мыс балқыту цехында  өрттің зардаптары жойылды

Балхаштағы мыс балқыту цехында өрттің зардаптары жойылды

Астана. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін " - Балхаштағы мыс балқыту цехында өрттің зардаптары жойылды, деп хабарлайды агенттік ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 4 Желтоқсан 2007
  • 618
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 00 сағаттағы жағдаймен ПВ-1 пеші іске қосылып, екі пеш те толық жұмыс режиміне көшті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Балхаш қаласында 2 желтоқсанда сағат 15.19 «Қазақмыс корпорациясы» «Балхашцветмет» ЖШС» мыс балқыту цехында 90 шаршы метр жерде майлы шлак қоспасы жанып, 105 шаршы метр электр сымы және екі транспортерлік лента отқа оранды.

Зардап шеккендер мен өлім жітім болған жоқ.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 15 сағат 40 минутта Ванюкова (ПВ-1және ПВ-2) екі пештің жұмысы тоқтатылды. Өрт ТЖМ өртке қарсы қызметінің күшімен сағат 16.30 ауыздықталып, оған 24 адам және 6 техника жұмылдырылды. 22 сағат 30 минутта ПВ-2 іске қосылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті