«28 — 29 қараша күндері өткен екі күнгі жұмыс қорытындысы бойынша «Екінші Қазақстандық астық форумы-2007″ форумында алдын-ала берілген мәліметтер бойынша жалпы көлемі 1,5 млн тоннаны құрайтын қазақстандық астық экспортының келісімшарты жасалды, сондай-ақ, жалпы көлемі 10 мың тонна рапс жеткізу келісімшарттарына қол қойылды», — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Министрлік мәліметтеріне сүйенсек, негізгі сатып алушылардың арасында Египет, Ресей және Украина елдерінің компаниялары бар.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, форум жұмысына Еуропа, Араб елдері, ТМД және Орталық Азиядағы 30 елдегі 70-тен аса компания атынан 280 адам қатысқан.
Сонымен қатар, форумға ТМД елдерінің Ауыл шаруашылық министрліктерінің өкілдері, астық саласының жетекші дүниежүзілік және қазақстандық сарапшылары, трейдерлер, агрохолдингтер, өңдеу және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, сондай-ақ, банктердің, инвестиция, консалтинг және сақтандыру компанияларының басшылары мен мамандары, Қазақстанның іскерлік ортасы мен шетелдік кәсіпорындардың өкілдері келіп қатысқан.
Өткен жылы бірінші Қазақстандық астық форумын өткізу кезінде астықтың жалпы көлемі 1,2 млн тонна болатын 70 экспорттық келісімшартқа қол жеткізілген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті