Үкіметтің отырысында Б. Сұлтанов түпкілікті нәтижеге бағышталған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу тұжырымдамасының жобасын таныстырды.
«Түпкілікті нәтижеге бағышталған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізудегі мақсат — мемлекеттік саясаттың басымдықтарына сәйкес, мемлекеттік қаржыны жоғары деңгейде тиімді басқару үшін қызмет көрсету болып табылады», — деді ол.
Экономика және бюджетті жоспарлау министрінің айтуынша, тұжырымдаманың мақсаты «мемлекеттік органдардың шешім қабылдау мен оларды орындаудағы дербестігін көтеруге бағытталған бағдарламалық құжаттар мен жоспарлардың жобасын жасау мен олардың мазмұнына қатысты жаңаша көзқарастар қарастырылған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тетіктерін жасап қолданысқа енгізу, сондай-ақ, көрсетілген қызмет үшін жауапкершілікті күшейту мен мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуге саяды».
Сонымен бірге, түпкілікті нәтижеге бағытталған бюджеттік жоспарлау «мемлектетік жоспарлаудың логикалық вертикалін жасауға тиіс : елімізді дамытудың стратегиялық мақсаттары — нақты мақсат-міндеттер- индикатор — бюджеттік ресурстар».
«Түпкілікті нәтижеге бағытталған бюджеттік жоспарлау бағдарламалық құжаттарды жасап жүзеге асыру мен бюджет қаржысын пайдалану жөніндегі мемлекеттік органдардың іс-қызметін қоғам тарапынан бақылау мен ашықтықты қамтамасыз етуге тиіс», — деді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті