«Құжат жалпы жан-жақты толықтырылып жазылған, сондықтан оны қабылдап, қолдауға болады «, — деді ҚР премьер -министрі Кәрім Мәсімов Астанада сейсенбі күні өткен концепция қорытындысын талқылауға арналған үкіметтің отырысында.
Бұл ұсынысқа үкімет мүшелері бір ауыздан дауыс берді. «Ел басшысының Мемлекеттік жаспарлаудың жаңа жүйесін енгізу туралы маңызды тапсырмасын орындадық», — деп мәлімдеді К. Мәсімов.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, үкіметтің отырысында ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Б. Сұлтанов нәтижелі қорытынды беретін мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізудің жобасын ұсынған.
«Мемлекеттік қаржыны мемлекеттік саясаттың басымдылықтарына сәйкес тиімді басқару мақсатында нәтижелі қорытындыға бағытталған бюджеттік жоспарлау енгізіледі», — деді ол.
ЭБЖМ басшысы атап өткеніндей, «мемлекеттік органдар өз тарапынан құжатты дайындап, оның жоспарлауы бойынша жеке шешім қабылдауы үшін мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жаңа механизмдері дайындалып, енгізілуде. Бұл концепцияның негізгі мақсаты болып табылады».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті