Байқоңырға "Прогресс М-63" транспорттық жүк кораблі жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырға  "Прогресс М-63" транспорттық жүк кораблі жеткізілді

Байқоңырға "Прогресс М-63" транспорттық жүк кораблі жеткізілді

Байқоңыр. 4-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырға "Прогресс М-63" транспорттық жүк кораблі жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 4 Желтоқсан 2007
  • 437
Фото - Caravan.kz

Ақпарат көзінің хабарлауынша, кеше кешке Королев қаласындағы зауыттан шыққан «Прогресс М-63» жүк кемесі теміржол транспортымен Төретам станциясына жеткізілді. Қажетті кедендік процедуралардан кейін ғарыштық аппарат пен қосалқы жабдықтар тиелген вагон темір жол тармағымен Төретам станциясынан №254 алаңның монтаж-сынақ корпусына дейін жеткізіледі. Бұл жерде ол ұшырылым алдындағы дайындықтар басталғанға дейін сақтауға беріледі.

«Прогресс» жүк кораблін ұшырылымға дайындау аясында 30 қарашада ғарыш айлағына «Союз-У» зымыран тасығышы жеткізілді, ол «Прогресс М-63» жүк кораблін ғарышқа шығаруға арналған.

«Прогресс М-63» жүк кораблін ғарышқа алып ұшатын «Союз-У» зымыран тасығышын ұшырылымға дайындау жұмыстары 2008 жылғы қаңтардың басында басталады. «Прогресс М-63» жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, ғылыми жабдықтар мен отын жеткізуге тиіс.

«Прогресс М-63» жүк кораблін ғарышқа алып ұшатын «Союз-У» зымыран тасығышы 2008 жылдың қаңтарында ұшырылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті