Үкімет көші-қон мәселесі бойынша жеке мемлекеттік орган құру мүмкіндігін қарастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет көші-қон мәселесі бойынша жеке мемлекеттік орган құру мүмкіндігін қарастыруда

Үкімет көші-қон мәселесі бойынша жеке мемлекеттік орган құру мүмкіндігін қарастыруда

Астана. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет көші-қон мәселесі бойынша жеке мемлекеттік орган құру мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында айтылды.

  • 4 Желтоқсан 2007
  • 469
Фото - Caravan.kz

«Расында да Ресейдің Федералдық көші-қон қызметі секілді дербес көші-қон құрылымын құру қажет шығар», — деді Ө. Шүкеев.

Өз кезегінде еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мұндай құрылымды құру мүмкіндігі қаралатын болады.

«Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформалардың аясында ішкі және сыртқы көші-қон мәселелері бойынша біртұтас уәкілетті орган құру мәселесі қосымша дәйектелетін болады», — деді Б. Сұлтанов.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдардың жұмысына жүргізілген талдауға сәйкес, «қазір ІІМ-нің құзыретінде тек шетелдік мигранттарды есепке алу-тіркеу және сырттан ағылатын заңсыз миграциямен күрес мәселелері ғана кіреді». Өз кезегінде «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон комитеті негізінен оралмандар мен еңбек мигранттарының көші-қон процестерін реттеумен шұғылданады».

«Шетелдердің тәжірибесі көрсеткеніндей, ең тиімдісі — ішкі және сыртқы көші-қон ағындарын реттеумен біртұтас органның айналысуы. Мәселен, Ресейде ІІМ жүйесінде Федералдық көші-қон қызметі, АҚШ-та Миграция және натурализация қызметі бар», -деді экономика министрі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті