Байқоңырда "Прогресс М-62" жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Прогресс М-62" жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр

Байқоңырда "Прогресс М-62" жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр

Байқоңыр. 4-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Прогресс М-62" жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

  • 4 Желтоқсан 2007
  • 489
Фото - Caravan.kz

«Прогресс М-62» жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Өткен аптада «Энергия» РҒК мен «Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығының мамандары № 254 алаңының сынақ корпусында вакуумдық камерада ғарыш корабліне кешенді сынақ пен тексеру жүргізді. Оларды аяқтағаннан кейін «Прогресс М-62» жүк кораблі герметикалық тексеру жүргізу стендіне орнатылған болатын.

Стендте тексеру аяқталғаннан кейін «Прогресс М-62» жүк кораблі жанармаймен және сұйытылған газбен толтыру үшін жанармай құю станциясына жөнелтіледі. Ғарыш кемесін ұшыруға дайындаудың қорытынды сатысы оған экипаждарға арналған азық-түлік, су, Халықаралық ғарыш станциясының орбитасын ұстап тұру үшін жанармай, шығындалатын жүктер мен ғылыми құрылғылар тиеу болып табылады.

«Прогресс М-62» жүк транспорттық кемесін «Союз-У» зымыран тасымалдағышымен ұшыру 2007 жылдың 23-желтоқсанында астана уақыты бойынша 13.23 межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті