«Бірлесіп жүргізген бағалау көрсетіп отырғандай, экономика саласындағы қатынастар жақсарып келеді, бірақ әзірге екі елдің нақты мүмкіндіктеріне сай емес»,- деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың 9 айында екі ел арасындағы тауар айналымы 73 млн АҚШ долларын құраған. «Біздің пайымдауымызша, бұл екі елдің мүмкіндіктеріне сай емес, және де біз екіжақты экономикалық қатынастарды мұнан да жоғары деңгейге көтеруіміз керек»,- деп санайды елші.
«Ол құрылыс, фармацевтика, энергетика, өнеркәсіп салалары мен экономиканың басқа да салаларында мүмкін болмақ»,- деп нақтылап өтті ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті