Каспий биоресурстары жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы Ашхабадта 17 - 20 желтоқсан аралығында өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий биоресурстары жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы Ашхабадта 17 - 20 желтоқсан аралығында өтеді

Каспий биоресурстары жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы Ашхабадта 17 - 20 желтоқсан аралығында өтеді

Баку. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Каспий теңізінің су биоресурстары жөніндегі комиссиясының 28 отырысы Ашхабадта 17-20 желтоқсан аралығында өтеді, деп хабарлады агенттік тілшісіне Әзербайжанның табиғат ресурстары және экология жөніндегі министрлігі.

  • 4 Желтоқсан 2007
  • 692
Фото - Caravan.kz

«Күн тәртібі бойынша қаралатын бес мәселенің ішінде 2008 жылы Каспий аймағындағы елдердің бекіре балығы аулау және қара уылдырық экспортының квотасы қарастырылады. Сондай-ақ, Каспий маңайындағы мемлекеттердің 2007 жылы квотаны орындау жөніндегі ақпараты тыңдалады», — деп хабарлады министрлікте.

Минэкологияда атап өтілгеніндей, Әзербайжан үшін 2007 жылы белгіленген ұлттық квота көрсеткіші сол күйінде қалдырылады деген үмітте.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 2007 жылы Каспий аймағындағы бес мемлекетке бекіре балығын аулаудың жалпы квотасы 1071 тонна деп белгіленген. Оның ішінде Ресейге — 286,5 тонна, Иранға — 450 тонна, Қазақстанға — 182,5 тонна, Әзербайжанға — 90 тонна және Түркменстанға- 62 тонна болып бекітілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті