Ақпарат көзінің хабарлауынша, жанармай құю бекетінде «Бриз-М» үдеткіш блогының бактарына жанармай құю жұмыстары жүргізілуде. Ресейлік мамандар зымыран тасығышын ұшырылым алаңына жеткізу дайындықтарының қорытынды жұмыстарын жүргізуде
«Протон-М» зымыран тасығышының «Космос» жер серігі және «Бриз-М» ұшырылым алаңында дайындық жұмыстарын жүргізу туралы шешімді мемлекеттік комиссия мүшелері шығарады.
«Космос» жер серігін алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышын №81 алаңның ұшырылым кешеніне шығару 5 желтоқсан таңертеңге белгіленген. Бұдан кейін ғарыш айлағының мамандары ұшырылым кешені мен зымыран тасығыштың жүйелерін төрт тәулік бойы тексереді.
«Космос» жер серігін алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышы №81 алаңнан 9-желтоқсанда Астана уақытымен 6 сағат 16 минутта (Мәскеу уақытымен 3.16) ұшырылады деп межеленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті