Әзербайжан мен Эстония әскери саладағы ынтымақтастық туралы құжатқа қол қояды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан мен Эстония әскери саладағы ынтымақтастық туралы құжатқа қол қояды

Әзербайжан мен Эстония әскери саладағы ынтымақтастық туралы құжатқа қол қояды

Баку. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Әзербайжанның қорғаныс министрі Сафар Абиевтің Таллинге сапары барысында Әзербайжан мен Эстонияның қорғаныс министрліктерінің арасында әскери саладағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарлануда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 4 Желтоқсан 2007
  • 462
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Әзербайжанның қорғаныс министрі Сафар Абиев Таллинге ресми сапармен аттанады.

Желтоқсанның 4-нен 6-на дейін жалғасатын сапар барысында Сафар Абиев өзінің эстаноық әріптесімен, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің, ел парламенті мен Бас штабтың өкілдерімен кездесу өткізеді. Сондай-ақ, Әзербайжанның қорғаныс мекемесінің басшысын Эстонияның президенті Томас-Хендрик Илвес қабылдайды. Сапар қорытындысы бойынша Әзербайжан мен Эстонияның қорғаныс министрліктерінің арасында әскери саладағы ынтымақтасық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті