Астананың оннан астам тұрғын үйі суық сусыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың оннан астам тұрғын үйі суық сусыз қалды

Астананың оннан астам тұрғын үйі суық сусыз қалды

Астана. 5желтоқсан. «Қазақстан Бүгін» - Астана қаласының оннан астам тұрғын үйі суық сусыз қалды, деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 5 Желтоқсан 2007
  • 347
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 4-желтоқсан күні 11 сағат 55 минутта суық су құбырының жарылуы салдарынан мектепке дейінгі балалар мекемесі және 11 тұрғын үй сусыз қалған.

18 сағат 45 минутағы жағдайға сәйкес, апаттық жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған, сумен қамтамасыз ету орнына келтірілген.

Апаттық жөндеу жұмыстарын 10 адам және 5 техникадан тұратын «Астана су арнасы» МҚК бригадасы атқарды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті