Қазақстанда 2015 жылға дейін технологиялық даму бағдарламасына 154 млрд теңге жұмсалады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда  2015 жылға дейін технологиялық даму бағдарламасына 154 млрд теңге жұмсалады

Қазақстанда 2015 жылға дейін технологиялық даму бағдарламасына 154 млрд теңге жұмсалады

Астана. 5 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2015 жылға дейін технологиялық даму бағдарламасына жұмсалатын жалпы қаржы мөлшері 154 млрд теңгеден асады. Бұл туралы "ҚР 2015 жылға дейін технологиялық даму" тақырыбына арналған "дөңгелек үстел" барысында ҚР индустрия және сауда вице-министрі Қуандық Бишімбаев құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 5 Желтоқсан 2007
  • 396
Фото - Caravan.kz

«2008 жылы жобаны жүзеге асыруға қаржы қажет болмайды, алдағы жылы біздер заманауи басқару технологияларын енгізу арқылы отандық өндіріс орындарына және кәсіпорындардың жұмысын жандандырып, құрал -жабдықтардың жаңартылуына қажетті қаржыны анықтап, зерттейтін боламыз «- деді Қ. Бишімбаев.

Вице-министрдің мәліметі бойынша, 2009 жылы бұл жобаны іске асыру үшін 10 млрд 252,5 млн теңге жұмсалады. Оның 7 млрд алдыңғы қатарда тұрған өнеркәсіп саласындағы техникалық құрал-жабдықтардың лизингісіне және 3 млрд елімізде екі конструкторлық бюро мен бір инжиниринг ұйымын құруға бағытталады. «Бағдарламаның бірінші кезеңін жүзеге асыру үшін, 2008 — 2010 жылдар аралығында 23 млрд 159,2 млн теңге қажет болады», — деп жауап берді ҚР ИСМ өкілі.

Оның ақпараты бойынша, бағдарламаның екінші кезеңіне «2011 — 2013 жылдары аралығында 67 млрд теңге, үшінші кезеңге — 64,5 млрд теңгеден аса қаржы қажет. «2009-2015 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру үшін, қаржы мөлшері жыл сайын жоспарланатын республикалық бюджетте қарастырылып, бекітілетін болады «, — деді Қ. Бишімбаев.

Ол атап өткеніндей, ҚР 2015 жылға дейін технологиялық даму бағдарламасы биылғы жылдың 26 қарашасында үкіметпен бекітілген болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті