Қазақстанның еңбек министрі Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның еңбек министрі Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысымен кездесті

Қазақстанның еңбек министрі Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысымен кездесті

Астана. 5-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы Ивар Виккимен кездесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 5 Желтоқсан 2007
  • 415
Фото - Caravan.kz

Бердібек Сапарбаев ЕҚЫҰ елдеріне Қазақстанның ұйымға 2010 жылы төрағалық ету постына сайлау барысында қолдау көрсеткені үшін министрліктің атынан алғыс білдірді.

«Қабылданған шешім елімізде жүргізіліп жатқан қоғамды демократияландыру саласындағы, экономикалық және саяси реформалауда Қазақстанды халықаралық тұрғыдан танудың куәсі болып отыр»,- деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

В. Викки өз кезегінде, ЕҚЫҰ Орталығының жұмыстарының негізгі бағыттарын атай отырып, Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен орталық арасында еңбек миграциясы және жұмысқа орналастыру салаларындағы ынтымақтастық жобаларын қарастыруды ұсынды. Б. Сапарбаев ұсынысты қолдап, ынтымақтастыққа еліміздің дайын екенін білдірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті