Бүгін таңертеңгі сағат 6.00-де техникалық жанармай құю станциясында «Протон-М» зымыран тасығышы №81 алаңның ұшырылым кешеніне темір жол платформасымен тасымалдана бастады. Зымыран №81 алаңның ұшырылым «үстеліне» жеткізіліп, тік күйінде орнатылды.
Зымыранға қызмет көрсету фермалары жеткізілді. М. Хруничев атындағы орталықтың, «Байқоңыр» Федералдық ғарыштық орталығының мамандары бірінші ұшырылым күні бойынша кестелік жұмыстарға кірісті.
«Протон-М» зымыран тасығышын ұшырылым кешеніне шығару жөніндегі шешімді кеше, 4 желтоқсанда мемлекеттік комиссия қабылдады. Ғарыш айлағының мамандары ендігі жерде төрт күн бойы ұшырылым кешені мен зымыран тасығыштың ұшырылым алдындағы тексерулерін жүргізеді.
«Протон-М» зымыран тасығышы Ресейдің «Космос» ғарыштық аппаратын алып №81 алаңнан 9-желтоқсанда Астана уақытымен 6 сағат 16 минутта (Мәскеу уақытымен 3 сағат 16 минут) ұшырылады деп жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті