Конструкторлық бюроларда прототип жасау жүйесі қолданысқа енгізіледі - ҚР Индустрия және сауда министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Конструкторлық  бюроларда прототип жасау жүйесі қолданысқа енгізіледі - ҚР Индустрия және сауда министрлігі

Конструкторлық бюроларда прототип жасау жүйесі қолданысқа енгізіледі - ҚР Индустрия және сауда министрлігі

Астана. 5 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанды технологиялық тұрғыда дамыту жөніндегі 2015 жылға дейінгі бағдарламада құру мақсаты алға қойылған конструкторлық бюроларда прототип жасау жүйесі қолданысқа енгізіледі. Бұл туралы бүгін "Қазақстанның 2015-жылға дейінгі технологиялық дамуы" атты "дөңгелек үстел" барысында еліміздің индустия және сауда вице-министрі Қуандық Бишимбаев құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 5 Желтоқсан 2007
  • 628
Фото - Caravan.kz

«Бағдарламаның бірінші кезеңінде ғылыми-техникалық инфрақұрылым құру жөніндегі біздің басты мақсатымыз 2008-2009 жылдары 5 машина жасау орталығында 5 конструкторлық бюро құруға саяды. Бұл конструкторлық бюролардың барлығын біз дүниежүзінде осы сала бойынша ұсынылып отырған ең озық шешімдермен жабдықтамақшымыз, бірінші кезекте бұл прототип жасау жүйесі», — деді Қ. Бишимбаев.

«Бұл жүйенің артықшылығы сол — түрлі детальдардың прототипі мен оның техникалық құжаттамаларын алу үшін, оның тәжірибелік өндірісін іске қосу үшін ұзақ уақыт жұмсап қажеті жоқ, себебі бұның бәрі жүйеге біріктірілген», -деді ол. Вице-министр осы орайда Қытайдың тәжірибесіне сілтеме жасады. Онда аталған жүйені қолданысқа енгізу нәтижесінде «аталған проблемалалар жылдам шешіледі, олар кез-келген детальді сандық түрде өңдеп, әріқарай өндірісте қолдана алады».

«Нәтижесінде біз өндірістеріміздің жаңа өнімді шығаруға қажетті уақыты қысқарады деп күтудеміз. Қазір орта есеппен бір жыл жұмсалса, аталған жүйені қолданысқа енгізу арқылы бұл мерзім үш айға дейін қысқарады», -деді министрлік өкілі. Оның айтуынша, конструкторлық бюролар «ашық үлгіде, яғни, кез-келген машина жасау немесе металл өңдеу кәсіпорындары олардың көмегіне жүгіне алады».

К. Бишимбаевтың айтуынша, министрлік қазіргі жағдаймен алдын-ала талдау жасап үлгерді, соған сәйкес, конструкторлық бюроларды Петропавловск, Қарағанды, Орал, Алматы және Астанада ашуға мүмкіндік бар. «Сонымен бірге, Атырауда мұнай өндіру және мұнайхимиясы саласында бір инжиниригтік, тіпті жобалық ұйым ашу жоспарланған», — деді ол.

«Дөңгелек үстелде» таратылған ақпаратқа сәйкес, Петропавловскіде ашу жоспарланған Конструкторлық бюро мұнайгаз саласындағы машина жасауға, Қарағандыда — тау-кен-металлургиялық жабдықтар жасауға, Оралда — кеме жасау және мұнайгаз саласындағы машина жасау, Алматыда — ғарыш игеру мен баламалы энергетика, Астанада — ауылшаруашылығы саласындағы машина жасау салаларына маманданады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2009 жылы бағдарламаның бірінші кезеңі аясында Индустрия және сауда министрлігі Атырауда екі конструкторлық бюро мен инжинирингтік компания құруға 3 млрд жуық теңге, 2010 жылы тағы да үш конструкторлық бюро құруға шамамен 2,5 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті