Байқоңырда Канаданың RadarSat-2 жер серігі мен "Фрегат" үдеткіш блогын түйістіру жұмыстары аяқталып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Канаданың RadarSat-2 жер серігі мен "Фрегат" үдеткіш блогын түйістіру жұмыстары аяқталып келеді

Байқоңырда Канаданың RadarSat-2 жер серігі мен "Фрегат" үдеткіш блогын түйістіру жұмыстары аяқталып келеді

Байқоңыр. 5-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Канаданың RadarSat-2 жер серігі мен "Фрегат" үдеткіш блогын түйістіру жұмыстары аяқталып келеді, деп хабарлайды агенттік ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 5 Желтоқсан 2007
  • 402
Фото - Caravan.kz

№112 алаңның монтаждау және сынақ корпусында ғарыш айлағының қызметкерлері шетелдік мамандармен бірлесіп Канаданың RadarSat-2 жер серігі мен «Фрегат» үдеткіш блогын түйістіру жұмыстарын аяқтап келеді.

Түйістіру жұмыстары аяқталғаннан кейін және түйістіру буындары мен қосылыстарды тексергенен кейін RadarSat-2 жер серігі мен «Фрегат» үдеткіш блогынан құралған қоспа, ғарыштық жүйенің бас бөлігі ретінде «Союз-ФГ» зымыран тасығышының бас обтекателіне орнатылады.

Бас обтекатель құрастырылған соң №31 алаңның монтаж-сынақ корпусында зымыран тасығыш пен ғарыштық бас бөлік жалпы құрастырылады.

Канаданың RadarSat-2 жер серігі мен «Фрегат» үдеткіш блогын «Союз-ФГ» зымыран тасығышының көмегімен №31 алаңның ұшыру қондырғысынан 2007 жылдың 14 желтоқсанында Астана уақытымен 19 сағат 17 минутта ұшыру межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті