Оңтүстік Қазақстандық есірткі сатушы 18 кг апиын үшін үш жылға бас бостандығынан айрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстандық есірткі сатушы 18 кг апиын үшін үш жылға бас бостандығынан айрылды

Оңтүстік Қазақстандық есірткі сатушы 18 кг апиын үшін үш жылға бас бостандығынан айрылды

Шымкент. 5 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстандық есірткі сатушы 18 кг апиын сақтағаны және тергеу абақтысынан қашып кеткені үшін үш жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінен хабарлады.

  • 5 Желтоқсан 2007
  • 427
Фото - Caravan.kz

«Қараша айында Сахитжан Пратовтың үстінен Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық №2 соты үкім шығарған. Біріктірілген қылмыстық іс бойынша түрлі өңірдің айыпкерлері іске тартылғандықтан, сот процессі осы жерде өткен. Сот Пратовқа жалпы тәртіптегі абақтыға үш жылға айдауға жаза жүктеді», -деп хабарлайды ақпарат көзі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 36 жастағы С. Пратов 2007 жылдың қаңтар айында 18 кг жуық шикі апиынды сақтағаны үшін ұсталған. Ол тұтқындалып, ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің тергеу абақтысына тоғытылды. 4 наурызда шаруашылық жұмыстары кезінде ол департамент аумағынан қашып кеткен. Оның жүрген жері жөніндегі ақпарат үшін 1 млн теңге көлемінде сыйақы тағайындалды. Сәуірдің ортасында С. Пратовты туыстарының үйінде жасырынып жүрген жерінен Ташкентте құрықталды. Оны ұстау шарасы өзбек күш құрылымдарының араласуымен жүзеге асырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті