ҚР ҰҚК есірткінің заңсыз айналымына құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысу деректерін анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ҰҚК есірткінің заңсыз айналымына құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысу деректерін анықтады

ҚР ҰҚК есірткінің заңсыз айналымына құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысу деректерін анықтады

Астана. 24-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті үстіміздегі жылы есірткінің заңсыз айналымына құқық қорғау органдары қызметкерлерінің 20-дан астам қатысу дерегін анықтады. Бұл туралы сенбі күні өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының ресми өкілі Кенжеболат Бекназаров мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 24 Желтоқсан 2007
  • 434
Фото - Caravan.kz

«Ішкі істер органдары қызметкерлерінің 26 мәрте есірткінің заңсыз айналымына қатысу дерегінің жолы кесілді», — деді Кенжеболат Бекназаров. «Семей қалалық ішкі істер басқармасының және Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің орта буын басшылары сотқа тартылды», — деп толықтырды ол.

Кенжеболат Бекназаров «халықаралық есірткі саудасымен күрес қызметінде Комитет бөлімшелерінің басты нысанасы есірткі тасымалының жолын кесуге, ұйымдастырушылардың және олардың көмекшілерінің барлық қылмыстық тізбегін анықтауға бағытталған». Нәтижесінде, оның айтуынша, 21 есірткі тасымалының арнасы жойылып, 252 тұлға тұтқындалған. Заңсыз айналымнан тоннадан астам есірткі заты алынған, оның ішінде 688 келі героин мен апиын бар.

Сонымен бірге, «Шығыс сафари» және «Тайфун» арнайы операцияларының нәтижесінде Қазақстанның бірқатар қалаларында екі ірі есірткі қоғамдастығының қызметі тоқтатылды. ҰҚК мәліметтеріне сүйенсек, аталмыш операциялар аясында есірткі саудасына қатысы бар 21 тұлға тұтқындалған. Заңсыз айналымнан 160 кг апиын мен героин алынды.

Сонымен қатар, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Алматы, Петропавл, Тараз, Павлодар және Қостанай қалаларында есірткі саудасының өткелдік базалары жойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті