Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Өнер иесі адамдардың өзгенің тағдырын талқылауға бейім екенін айтып, ажырасқаннан кейін қайта тұрмыс құрып, ақ көйлек киген әйелдерді сынаудың орынсыз екенін жеткізді.
“Әр адам өз ойының, ниетінің, тілінің жемісін түбінде жейді. Әлеуметтік желіні ашып қалсаң аузына келгенін құсатын пікір жазғыштардың куәсі боласың. Қай қазақтың қызы бой түзеп, бойжеткен соң ұзатылғысы келмейді. Ал ұзатылып некесі сәтті болмай ажырап, күні келіп қайта ұзатылып, ақ көйлек кисе оның жеке басына тиісіп, тағдырын талқылаймыз. Кім бақытты болғысы келмейді?! Салтты сақтамады, дәстүрден аттады деп айыптау бәріне оңай… Біздің қоғам қыздармен алыcқанша, сырға таққан ұлдармен, жынысын ауыстырып жатқан жетесіздермен алысса екен…
Ақшан болса қалтаңда, талтаңда да талтаңда деп жүріп алмай, қалтаңдағы қаржыңа сеніп қалмай, бақытты болуға ұмтылып жатқан жұптарға қуана қараймын! Адам тағдырын таңдап алмайды. Бәрі Алланың қалауымен. Әмірімен. Құдай ешкімді жалғыз өмір сүрсін деп жаратпады. Өйткені жалғыздық Раббымызға ғана тән.
Осыны ұмытпайық ағайын!”, — деп жазды Наркенже Серікбаева.