Облыс әкімшілігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаментінің директоры Бақытжан Орынбековтың хабарлауынша, жаңа автокөлік жолының құрылысы 2006-жылы ол 2006-2012 жылдарға арналған Жамбыл облысының облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын дамыту бағдарламасының санатына енгізілгеннен кейін басталған».
Жолдың жобалық-сметалық құжаттамасын «Қазжолжобасы» ЖШС жасаған. Техникалық бақылауды «Құрылыс-Консалтинг ұлттық орталығы» АҚ-ның Жамбыл бөлімшесі жүргізген. «ТаразКөлікЖолы» ЖШС құрылыс нысанының бас мердігері болған, ал «Инвест mk компаниясы» ЖШС мен «Құлан жолдары» ЖШС қосалқы мердігерлер болған.
Құрылыс объектісінің жалпы сметалық құны 201 млн. 850 мың теңгені құрады. Жоспарланған жол құрылысын салу үшін өткен жылы облыстық бюджеттен 40 млн. теңге бөлінсе, 2007 жылы республикалық бюджеттен 162 млн теңге бөлінген.
Жаңа көлік жолы салынғанға дейін көлік қатынасы көршілес Қырғыз елі арқылы іске асырылған. Жергілікті тұрғындар Қордай ауданының өзге елді мекендеріне жету үшін мемлекеттік шекарадан және тиісті кедендік рәсімдерден екі мәрте өтуге мәжбүр болған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті