Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, «аймақта 6,7 млрд АҚШ доллары сомасына 44 жоғары технологиялы, бәсекеге қабілетті озық жобаларды жүзеге асыру ісі жалғастырылуда. Бұл жобалар тек қосымша құны жоғары өнімдер шығаруды қамтамасыз етіп қана қоймайды, сондай-ақ, жергілікті бюджеттің табысты бөлігінің жыл сайынғы өсімін 15 пайызға, аймақтың ішкі өнімін 2,7 есеге өсіруге және 7 мың жаңа жұмыс орынының құрылуына жағдай жасайды», — деп атап көрсетті әкімшіліктегілер.
Сондай-ақ, баспасөз қызметінде бұл жобалардың екеуі қазіргі таңда пайдалануға беріліп қойғандығын жеткізді. Олар — минералдық мақта өндіретін зауыт пен «Шар — Өскемен» теміржол желісі.
14 жоба іске асырылуға жақын. Олардың қатарында «Үлбі металлугиялық зауыты» АҚ-да тантал материалдарды өндіруді ұйымдастыру, «Қазцинк» АҚ-да мыс балқытатын және электорлиз зауыттарын салу, Жарма ауданында цемент зауытын салу және «Шығыс-Проммонтаж» ЖШС-де кірпіш зауытын салу бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті